Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  252


Айсұлу Рүстемова‎

Ақ боран түтеген Мәскеуде

Ақ боран түтеген Мәскеуде
Айналдым біреуге тас кеуде.
Мұздары қарайды жылтырап
Досың ба, қаскөй ме?
Сен дағы іздейсің ықтасын.
Қойныңа жел қолын сұққасын.
Түріңе бақшиып бір қарап.
Тіліңді жан адам ұқпасын.
Сырғанақ ойнаған топ бала
Танымас көпшілік, тоқтама.
Көңілге тиеді көшеде
Ұлып жел, бір жоғын жоқтаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу