Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  295


Автор: Несіпбек Айтұлы

Аядым

Қара тайым тым жүрдек,
Желе аяңдап басады.
Тартсам дағы тізгіндеп,
Бой бермейді басы әлі.

Қолы түсіп қалар деп,
Орынсыз көп шаппаймын.
Тойда бәйгі алар деп,
Сұлы беріп баптаймын.

Қоюшы едім шідерлеп,
Бекітіп үш аяғын.
Бос жібердім жүдер деп,
Бүгін өзін аядым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу