Өлеңдер ✍️

  11.07.2021
  384


Автор: Ілияс Есенберлин

Оқушы бала әні

Тәртіп пенен қоғамның жұмысында,
Біздің бөлім мектепте ең әйгілі.
Сапалы ғып сабақты ұғысуда
Қала бойы сан алдық біз бәйгені.
Үлгілімін өзім де бөтендерге
Ерінбеймін жұмсаса алам тілді.
Бақшамды да қараймын еккен жерге
Ойнайтын да білемін мезгілімді.
Ленин бабам қалдырған өсиетін,
«Оқы, оқы және оқы» деген бізге.
Бұлжытпастан орындау бар ниетім
Талмай еңбек етуге елімізге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу