Өлеңдер ✍️

  11.07.2021
  297


Автор: Төлеген Айбергенов

Қос шектер

Өмір ғашық, бүкіл әлем мас маған,
Көзім заңғар күн сияқты қырағы.
Менің денем Менделеев ашпаған,
Металдардың қоспасынан тұрады.
Қойны кенге толы таудан аумаған,
Кеудем – шексіз, қазыналар Отаны.
Сондықтанда айқайласам тау маған,
Жаңғырығып жауап беріп жатады.

Төлеген ақынның поэзиясының ерекшелігі – оның өлеңдерін басынан аяғына дейін немесе аяғынан басына дейін оқысақ еш ұйқасы не мағынасы өзгермейді.

Жаңғырығып жауап беріп жатады,
Сондықтанда айқайласам тау маған.
Кеудем – шексіз, қазыналар Отаны,
Қойны кенге толы таудан аумаған.
Металдардың қоспасынан тұрады,
Менің денем Менделеев ашпаған.
Көзім заңғар күн сияқты қырағы,
Өмір ғашық, бүкіл әлем мас маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу