Өлеңдер ✍️

  11.07.2021
  305


Автор: Ақан Сері

Адамның біліміне ақыл серік

Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Дегенге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп.
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі - дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді өліп қалдың өліп.
Тұрмыста тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды - көпті жұмсай ойды,
Әр істің ақырын ақырын ойла, көңіл бөліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу