10.07.2021
  194


Автор: Абыл Тілеуұлы

Үш ақынның өздерін таныстыруы

Бірде Абыл, Есенбақ, Шернияз үшеуі болыс, байлармен сапарлас болады. «Халыққа ақын, жыршы қадірлі ме, би, болыс-хәкім қадірлі ме?» деген араларында пікір таласы туады. Халық кімді құрметтейтінін көреміз деп, болыстар қойшылар ауылына, ақындар қозышы ауылға түседі. Киімдері де жұпыны, арық атты үш ақынды сойып тастары жоқ қозышы ауылы шәйімен ғана қонақ етеді. Асылған қазан көрінбейді. Шонжарлардың табасына қалмау үшін, ақындар өздерін бірауыз өлеңмен таныстырып, мән-жайды баян етеді.


Шернияз: Жарылғас – әкем аты, шешем – Тойлан.


Есенбақ:  Жоқ па екен сыңар қозы егіз қойдан?


Абыл: 


Шернияз, Есенбақ пен Абыл ақын,


Болыс, би табаласа, неғыласың,


Қайнаса, сенің сорың қайнап жатыр,


Ана ауыл қонағына қойын сойған.


Осыдан бастап өлең, жыр толастамай, қозышы ауыл ақындарды екі күн жібермей қонақтап, жар айтқызған екен, Абыл аттанарда:


- Болыс, байлар ас ішіп, аяқ босатқандарына мақтанса, ақындар халыққа алтын сөзімен қадірлі екен деп ана ауылдағы әкімдерге айта барыңдар, -депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу