Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  252


Автор: Айтуар Өтегенов

Жанарыңда достық отын маздайтын

Жанарыңда достық отын маздайтын,
Жүректегі ұғушы едік назды айқын.
Үйлендің де бір сұлуға, сен мүлде,
Болдың хатта жазбайтын.
Жүрек сырын айтпай қалмас тағы тіл,
Хат жазуға жоқ па әлде уақытың.
Ұмыта ма әлде осылай достарын,
Тапқан адам бақытын.
Қыздар жайлы көп айтатын сыр қалып,
Тұрмыс жайлы бір қуанып, бір налып.
Қалдық па біз,
Қалдық па біз досым-ау,
Шыныменен бір құшаққа шырмалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу