Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  137


Автор: Айтуар Өтегенов

Бәтіңкі

Бәтіңкі,
Бәтіңкі,
Бәтіңкі,
Тері ғой дейміз біз затыңды.
Лақтырып өзіңді АҚШ-тық патшаға.
Ирандық журналист шығарған атыңды.
Шөп басы осылай желменен ырғалды,
Әйтеуір сен жайлы ғажайып жыр қалды.
Хрущев көкеміз ООН-ның мінберін,
Өзіңмен ұрғанды.
Намысын елінің қорғамай тұра алмай,
Әріптесім сілтеді сені өткір құралдай.
Мен болсам отырмын,
Шыбын да ұра алмай..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу