Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  132


Автор: Айтуар Өтегенов

Біреулерге баю деген арман, ә?!

Біреулерге баю деген арман, ә?!
Сыймайсың-ау кейде адам арнаңа.
Сатылады бұл дүниеде бәрі де,
Ауа,
Ауа,
Сатылмайтын сен ғана.
Небір ойлар тулап жатыр санамда,
Қанағат жоқ
Неге,
Неге адамда.
Ауа, өзің тірлік беріп келесің,
Онсегіз мың ғаламға.
Керек, керек дүние сырын шын ұғу,
Ылайламай жаратылыс тұнығын.
Өркениетке жеткізген де сол еді,
Адамзатты құртатын да – құнығу.
Кей істерді түсіне алмай жатам-ау,
Жүрегімнен лапылдайды от-алау.
Көзбен көріп,
Қолға ұстауға болса егер,
Бұл адамдар ауаны да сатады –ау!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу