Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  130


Автор: Айтуар Өтегенов

Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап

Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап,
Киелі Отан, балаң сыннан өте алад.
Жүрегімде – сыймай жатқан сағыныш,
Жүрегімде – қимай кеткен махаббат.
Әсем неткен күліп атқан таң шағы,
/Менің жаным бір бақытты аңсады/.
Зер төгемін болып Отан, Қадыр жыр,
Аймалаймын болып сені Шәмші әні.
Қымбат маған гүлге тамған күміс шық,
Қымбат маған арадағы туыстық.
Жүрегіме қаным болып тараған,
Қазақстан атың сенің тым ыстық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу