Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  139


Автор: Айтуар Өтегенов

Бірді екі етер адамдарға байқаған

Бірді екі етер адамдарға байқаған,
Иесінен шайхана.
Деп сұрадым: «парсыша мен Лалаға,
Қалай нәзік ғашықпын, – деп,– айта алам?»
Дүниені жел секілді шайқаған
Иесінен шайхана:
Деп сұрадым: «Әдемі қыз Лалаға,
Сүйгізші,– деп, – қалай ыммен айта алам?»
Сұрадым мен, сұрадым мен тағы да,
Жүрегімнің әміріне бағына:
Қалай айтам әдемі қыз Лалаға,
«Жаралғансың – деген сөзді – бағыма».
Деді әлгі адам сұрағыма төзбеген:
Гүл-махаббат айтылмайды сөзбенен.
Айтылады, айтылады тек қана,
Жарқ-жұрқ еткен көзбенен.
Айтарым сол және осы бар шыным,
Сүю сөзін аударуға қарсымын.
Сүю деген жинақталған гүл нәрі,
Еріндерде еріп кетер бал шырын.
Махаббаттан құтылмайсың қашқанмен,
Барарың сол қайғырғанмен, тасқанмен.
«Сен менікі» деген сөзді тек қана,
Айта алады бет пердені ашқан қол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу