Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  180


Автор: Айтуар Өтегенов

Білмеймін...

Білмеймін...
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Баурадың кереметтей күшіңменен.
Сен әлде алмасың ба желінбеген,
Сен әлде шарапсың ба ішілмеген.
Білмеймін...
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Баурадың кереметтей күшіңменен.
Сен әлде аққусың ба аспандағы,
Еш мерген атып әлі түсірмеген.
Сен әлде бұлақсың ба тасқын атып,
Ағатын арнасымен тас құлатып.
Базарың бар, әйтеуір ажарың бар,
Жігітті ессіз-түссіз мас қылатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу