Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  129


Автор: Айтуар Өтегенов

Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың

Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың,
Мен жүрек әміріне бағынып жүрмін.
Келіскен түгіл, керіскен шақтарымды да,
Сағынып жүрмін.
Берген серттен мәңгілік өзгермей бір,
Сағыныштың отына төзгендеймін.
Мен тіпті сені шын сүйетіндігімді де,
Дәл қазір сезгендеймін,
Осы шақта неге әттең, кез келмеймін.
Аңсауменен әзірге өтейін де,
Сарғайып барып мұратқа жетейін бе?
Жоқ, әлде, бәрін де қойып өзің жаққа,
Тартып-ақ, кетейін бе?
Айтшы жаным, не етейін мен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу