Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  118


Автор: Айтуар Өтегенов

Сол тойда

Сол тойда,
Кездестім алғашқы рет,
Тәтті ойымның сен кеттің жалғасы боп.
Пікіріміз, сөзіміз сәйкес келіп,
Жүректің қыл пернесін дәл басып ек.
Іште тұнып айтылмай көп арманым,
Іздедім.
Сол кештен соң көре алмадым.
Кеткен ұщып суықтан жылы жаққа,
Жыл құсындай қайтадан оралмадың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу