Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  224


Автор: Айтуар Өтегенов

Қызғанасың, сен мені қызғанасың

Қызғанасың, сен мені қызғанасың,
От боласың, кей-кейде мұз боласың.
Шашын талдап ес-түссіз жұлардайсың,
Көрсең тұрған қасымда қыз баласын.
Қызғанасың, сен мені қызғанасың.
Қызғанамын, мен сені қызғанамын,
Шоқ боламын, кей-кейде мұз боламын.
Қарақұсын оюға бармын мен де,
Саған күліп сөйлеген бозбаланың.
Қызғанамын, мен де сол қызғанамын.
Бұның бәрі көп күдік үйгендіктен,
Бұның бәрі бөтен ой түйгендіктен.
Бұның бәрі мен білсем ең әуелі,
Ес-түссіз сүйгендіктен,
Иә, иә, сүйгендіктен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу