Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  128


Автор: Айтуар Өтегенов

Түсінсең-ау

Түсінсең-ау:
Сені құрбым көгімдегі Күн етем.
Сені құрбым, көңілімдегі Гүл етем.
Ех, дариға, соны ғана білсем-ау,
Жүрегіңде тулап жүрген кім екен?
Кездескендер ақ пейілді болса адам,
Жүректерге мен достықтан жол салам.
Кім болса да бақытты ғой сол жігіт,
Елес берген өмірің боп ол саған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу