Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  138


Автор: Айтуар Өтегенов

Армансың сен, армансың

Армансың сен, армансың,
Айсың маған көктегі.
Алғансың сен, алғансың,
Асылым боп тек менің.
Қайтем, жүрек ынтығып,
Қайтем, көңіл ауса егер.
Қара көзге нұр тұнып,
Шыдамымды тауса бер.
Илансаң да өзің біл,
Иланбасаң өзің біл.
Иманымдай сөзім бұл,
Менде азғана төзім жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу