Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  244


Автор: Айтуар Өтегенов

Жаға жайда

Махаббатың гүл атса,
Мөлдір болып арыңыз.
Көңіл нұрға құмартса,
Жағажайға барыңыз.
Аршын төсте қос алма,
Әп-әдемі бұлтылдар.
Дейсің неден жасалған,
Құралай көз сылқымдар.
Әсем әуен күлкіден
Төгіледі. Ал тыңда.
Аққу болып сілкінген,
Көміледі толқынға.
Деп таңданба, бұл неге?
Жастың көңілін жас ұғар.
Жаға жайда
Шілдеде,
Сұлулық галереясы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу