10.07.2021
  186


Еліміздің ертеңі нұрлы, келешегі кемелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласының өзіндік тұрғыдан алғанда мəн-маңызы зор. Биыл ел тəуелсіздігінің мерейлі 30 жылдығы атап өтіледі. Бұл аз уақыт емес. Осы аралықта еліміз дамып, өсіп-өркендеу жолынан өтіп кемелденді. Арқа төсінде көркі көз тамсандырған сəулетті.


Нұр-Сұлтан қаласы бой көтеріп, жұртшылықтың көзайымына айналды. Көк тіреген əсем ғимараттар салынды. Өнер мен білімге кеңінен жол ашылды. Жастардың еркін білім алуына, бақытты өмір сүруіне мүмкіндіктер жасалды. Салиқалы саясаттың арқасында төрт құбыламыз түгенделіп, шекара бекемделді. Бір кездері атабабаларымыз аңсаған еркіндіктің ақ таңы атып, Қазақстанды бүкіл əлем елдері таныды.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл мақаласында еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен кемелдену кезеңінде атқарылған ауқымды жұмыстары сараланған.


Мақала негізінен «Бағдар мен белес», «Таным мен тағлым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты бөлімдерден тұрады. «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дəуірі. Əр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кəсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бəсекелік қабілетін атқара алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тəуелсіздік жылдарында əлемді таңдай қақтырған өнерлі, білімді жастарымыздың кез келген елге барып білім алуы қалыпты үрдіске айналғанына тоқталды.


Басты міндет – жастардың бойына отаншылық рухын сіңіре отырып, оларды туған еліне, қасиетті жерінің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру екендігі анық айтылды. Мақалада жастардың əрдайым тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қолдаушысы екендігі назарға алынған. Өскелең ұрпақтың жаңа əлеуетін оңтайлы арнаға бұрудың мəн-маңызына да тоқталып өткен. Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандыру керектігі де ескерілген.


Мемлекет басшысы сонымен бірге тəуелсіздік жылдарында дүниеге келген, əлі де танылып үлгермеген дарынды жастарды қолдау мақсатында «Тəуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын дегені көкейге қонымды болды. Біздің № 4 Қарғалы орта мектебінің ұжымы да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызы мен мəні зор мақаласында жан-жақты қамтылған негізгі идеяларды жəне еліміздің 30 жыл ішінде атқарған игілікті жұмыстарын талдап, оқып білді. Осы мақаланы басшылыққа ала отырып, біздің ұстаздар қауымы ел ертеңі саналатын бүгінгі оқушыларды өнер мен білімге, мəдениетке сай баулу жолында жаңа ізденіспен қызмет атқара беретін болады.


Людмила МЕҢІСОВА, № 4 Қарғалы орта мектебінің директоры.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу