Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  135


Автор: Айтуар Өтегенов

Қамалды да бұзып жарып өтердей

Қамалды да бұзып жарып өтердей,
Толқынына ағызып-ақ кетердей.
Көктемеде тасып едің Ару Жем,
Арнаңнан бір асып едің Ару Жем.
Асау едің, кейпің жоқ момақан,
/Мен осындай албырттықты жаратам/.
Басылуды, білмейтіндей жасуды,
Жарға соғып жатыр едің ашулы.
Қоңыр күзде боп қалыпсың байсалды,
Осы көрініс маған мұңлы ой салды.
...Адамның да салар бәрін жайратып,
Қайтады ғой кәрілікте қайраты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу