Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  136


Автор: Айтуар Өтегенов

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп,
Махаббаттың бал-шарабына маспын деп.
Күннен де ыстық қызуым мол кеудемде,
Кеудемде менің тасқын көп.
Есігім ашық достарым, келіп қақсаңдар,
Шуағым да мол жүрегім отын жақсаңдар.
Шаттық бар менің думанды тойлы кеудемде,
Кеудемде менің жақсы ән бар.
Күндерім көп қой алдымнан тынбай бақ күткен,
Армансыз күнім, алаңсыз күнім жоқ тіптен.
Қарсы алам ылғи арайлап атқан таңды мен,
Адамға деген адалдықпен, пәктікпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу