Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  158


Автор: Айтуар Өтегенов

Ортасында тілек-назым құпталған

Ортасында тілек-назым құпталған,
Достар, достар, құшақ жайып шықты алдан.
Шын достықтың орны өмірде ерекше,
Достар үшін жан беремін керексе.
Күлкі ғана өмір сәнін бар қылмақ,
Достар, достар, қарсы алады жарқылдап.
Армандаймыз жасасақ деп бір Аңыз,
Сырласқанша біз асығып тұрамыз.
Жалғыз үйде зерікпестен жатты кім,
Достар менің көңілді күй, шаттығым.
Достар, менің көкте күнім балқыған,
Достар, достар, шалқыр теңіз шалқыған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу