Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  196


Автор: Айтуар Өтегенов

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын,
Бұл бабам, баптап мінген жалғыз атын.
Аты болса байлықты көксемеген,
Қайғырмаған жоқтыққа өкшелеген.
Ат үстінде намысшыл арлы болған,
Түзде сері, үйінде жарлы болған.
Сынайтын жігіт бағын бәйге болған,
Ат мінбесе бабама қайғы болған.
Арманы сондықтанда бір ат болған,
Бір ат міну бабама мұрат болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу