Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  114


Автор: Айтуар Өтегенов

Ұл мен қыз

немесе әкем Оспан Өтегенұлы айтқан әңгiмеден кейiнгi ой

– Адамдар бар жаны iзгi,
Халықтық боп кететiн.
Туғызған не аңызды,
Ақбөбек – қыз,
Бекет – ұл.
Не кездеспес адымға,
Аттар кезде, көкешiм.
Жүрсiн әркез жадыңда,
Осы екi...
Екi есiм.
Әлсiздерге бiрi оның –
Үмiт бердi, дем бердi.
Жiгiттердi бiрi оның –
Жүрегiмен меңгердi.
Ұлы оның дәрi ойлап,
Ара түстi кеселге.
Қызы оның – арай нақ,
Көрiк болды осы елге.
Айтқанымды екi етпе,
Ұғынып ал, жарығым.
Шын ғашықтар – Бөбекке,
Жәбiрленген – Бекетке,
Сыйынады әлi күн...
Алдыңда әлi түнегiң,
Алдыңда әлi жарығың.
Алдыңда әлi тiлеуiң,
Алдыңда әлi бал үнiң.
Жарығым!..
Деген-дi әкем сонау жыл,
Тербеп Сана, Арымды.
Содан берi жарау жыр,
Мазалайды жанымды.
Өзге ойым – қарау бiр,
Жазалайды жанымды.
Және желпiп алау нұр,
Тазалайды жанымды.
Мен Бабамның,
Тас қашап,
Жазған сырын ашпасам,
Құмға көмiп тастасам.
Онда менi, туған жер,
Ұлым деме ешқашан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу