Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  109


Автор: Айтуар Өтегенов

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам,
Жүрісіңе мына досың болды таң.
Асығамыз кабинада қайда біз,
Ентелейміз неге алға оу, Мұқан!
Ұнатушы ең қалжың сөзді, әзілді,
Артатынсың, базынаңды, назыңды.
Кеңесейік өмір жайлы азырақ,
Екіленбей жайлап басшы «газыңды».
Көңілді өтер әрбір алау кешіміз,
Дұрыс жандар сияқтымыз есіміз.
Мақтанарлық, ескерткіш боп қалардай,
Айтшы досым, не бітірдік осы біз?
-Жиырма бесте арды қолдан төккізбей,
31
Ісімізді жүрген жақсы сөккізбей.
Ұялмастан ауыз барып айтарлық,
Әлі ештеңе тындыра алған жоқпыз ғой.
Қайрат барда бойға сыймай тасыған,
Орынсыз-ақ, мыс-қоладай жасыған.
Ізімізді мынау дала бетіне,
/Сұрадың ғой айтайын/
Өшпестей ғып, қалдырсам деп асығам.
– Бұл пікірге досым, мен де қосылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу