Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  137


Автор: Айтуар Өтегенов

Білем, өмір көктемі, күзі барын

Білем, өмір көктемі, күзі барын,
Гүл көктемде мыналар қызығарым:
Жылқышының құтқармайтын құрығы,
Арулардың толқынданған бұрымы.
Егіншінің жер өңдеген кетпені,
Ақ жаңбырдың нөсерлетіп төккені.
Шешек атқан даланың қызғалдағы,
Қыр төсінде соқпақты із қалғаны,
Сыланғаны, аққудың шомылғаны,
Тоғайдағы тораңғы, тобылғы әні.
Қырандардың қызылға шүйілгені,
Қара шанақ құлақ күйіндегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу