Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  126


Автор: Айтуар Өтегенов

Жүректің қылын шертетін

Жүректің қылын шертетін,
Неге отсың әнді бастамай,
Серпілтіп топты тастамай,
Есейіп кеткен ерте тым,
Күлімкөз қарындастар-ай!
Жарқырап әне ашық ай,
Кеудесін кере ашты аспан.
Ұғысқан, үнсіз достасқан,
Қалмасын көңіл тасымай,
Бүгінгі кеште бас қосқан.
Аяма өнер асылын,
Қарттарыңның да бұл күні,
Қағылмай кетсін кірпігі.
Тыңдасын өлкем жас үнін,
Көбейтіңдерші күлкіні.
Сымбатты сәнмен өте бір,
Толсыншы көлдер қаздарға,
Толсыншы жүрек наздарға.
Көктемнің қандай екенін,
Ұғындырайықшы жаздарға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу