Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  145


Автор: Айтуар Өтегенов

Серт

Қылыш бол алмас жүздi, асыл жiгiт,
Түсiрер қас жауының басын жұлып.
Бiздерге жасық болу жараспайды,
Исатай,
Досан жерiн басып жүрiп.
Жалын бол лапылдаған, асыл жiгiт,
Өнерiңмен Қаратау тасын жiбiт.
Күй болып күмбiрлемеу жараспайды,
Құрманғазы,
Есiр жерiн басып жүрiп.
Өмiрдiң өр шыңына ғашық жiгiт,
Буырқанған теңiздей тасып жүрiп.
Отты жыр жазбау әсте жараспайды,
Махамбет,
Абыл жерiн басып жүрiп.
Бабалардың үнiнде өктем дыбыс,
Бостандықты аңсаған неткен тыныс.
Асылдарды алға алып бара алмасақ,
Масылдарды көбейтпей онда өмiрден,
Ертерек кеткен дұрыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу