Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  172


Автор: Айтуар Өтегенов

Мұнай көліне қонған аққулар

Күн нұры төгіледі аппақ арай.
Көз тігіп құмартпассың көкке қалай?
Сыңсыған аққу әнін естисің бе,
Самғаған мұнаралы жаққа қарай.
Өзгені сұлу жаны қаламай ма,
Аққулар ғашық осы қара майға.
Тазартып қанаттарын жүрем ылғи,
Ұшуға жарамай қап.
Белгісіз осы өңірді сүйеді күш,
Әуелден жыр еліміз, күй еліміз
«Қара маржан» түсті әлде ұната ма,
Кім білсін, киелі құс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу