Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  254


Автор: Айтуар Өтегенов

Ерлік жалғасады

Дос-жарандар
Сүйсінерлік,
Білерлік,
Ұят екен жасамаған бір ерлік.
Ұят екен, ұят екен дедік те,
Бәрімізде бір сәт үнсіз түнердік.
Мағынасыз селтеңіңді кешпейміз.
Жарқыраумен өтсе өмір өшпейді із.
Қылыш алар жаугершілік замансыз,
Гүл дәуірде
Айтыңдаршы
Айтыңдаршы
Не істейміз.
– Бұл өңірдің табаны сыр, жыр-аңыз,
– Тың далаға шатыр мекен құрамыз.
– Сонау тұрған мұнара. Арғы көкжиек,
Көкжиекті кеңейтетін мына біз.
Пікір-талас,
Дұрыс-бұрыс,
Қиналдық,
Шешім біреу жол жүруге жиналдық.
Қолда рюкзак. Маңайымыз нұр әлем,
Барлық жүрек шырқап келед бір әуен;
Көкте күлген
Айыңдай аспандасақ-ау,
Түнгі найзағайыңдай жасқанбасақ-ау.
Гүл жастықтың көктемінде бір ерлік,
Туған өлкем,
Мүмкін емес жасамау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу