Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  164


Автор: Айтуар Өтегенов

Кім дейміз?

Самалының лебінен аққан нұр,
Көшелерін жасыл-желек жапқан кіл.
Он қалаға татитұғын бір қала,
Сарыарқадан соққан кім?
Бақыттарын осы елден тапқан кіл,
Адамдарға жанарынан жаққан жыр.
Ажал себер бар тірлікке әлемдік,
Ядролық полигонды жапқан кім?
Туыстықпен,
Достастықпен гүлдейміз,
Қайғыруды, қаймығуды білмейміз.
Қазақ Елін жер жаһанға танытқан,
Бұл адамды айтыңдаршы
Ата-қазақ демегенде кім дейміз?..

12. 04. 2010 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу