Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  131


Автор: Айтуар Өтегенов

Шипагер дала

Дертім болса алған жанның мазасын.
Жүректердің тер боп қатқан назасын.
Туған жерім,
Бұлағыңа қайнаған.
Бір сүңгітіп аласың да жазасың,
— Құдіретін-ай шымырлаған қайнардың,
— Қасиетіңнен туған өлкем айналдым, —
Деп жатады дауа тапқан ұлдарың. .
Мен түсінем,
Топырағыңа жыр дарып,
Тегін емес маңғазданса қырларың,.
Қоңыр далам сахнамсың күй төгер.
Қоңыр далам отқа қақта, үйте бер.
Өзің маған үйіп-төгіп зейнетті,
Өзің маған арқалатып бейнетті
Өзің және,
Өзің және шипагер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу