Өлеңдер ✍️

  08.07.2021
  165


Автор: Айтуар Өтегенов

Алдасай серінің әндерінен...

...Тым алыстан қарауытар тау мұнар,
Әлгі таудың етегінде сүйіктімнің ауылы бар.
Сол ауылға бұрғанымда ат басын,
Жапалақтап жауды қар.
Қар жауып тұр, қар жауып,
Арты боран болатындай болжауым.
Болса болсын бәрібір мен жетемін,
Сағыныштың айтып сазды толғауын.

***- Ауырады жүрегім,
Тапсаң деймін бір емін!-
Тылсымы көп бұл өмір,
Күлші, күлші, күле біл....
Тек қайғыдан тұрмайды ғой бұл өмір,
Күлші, күлші, күле біл.
Шаттық қана сыйламаған Құдай бұл,
Жыла, жыла, жылай біл!..
Сонда жазыласың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу