Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  248


Автор: Күләш Ахметова

Перзенттік парыз

Анам Бекзадаға

Жылдан жылғы жаз-дағы жайдарырақ,
Жарқырайды шақырып айна бұлақ.
Бар дүние елжіреп тұрғанменен,
Мейріміңдей өзіңнің қайда бірақ.
Сағындырып бар мейірім, бар ыстығың,
Көктем келді кеудемде тоғысты мұң.
Қабіріңе бір уыс топырақта
Сала алмадым, кеш, ана, борыштымын.
Оралмассың деп ойлау қиын маған,
Көзімде — мұң, көңілімде құйын, боран...
Iз қалдырам сен үшін жылдарға бұл
Сыбағасы өзіңе бұйырмаған.
Күнді еске алып мейірімнен тарықпаған,
Жақсылыққа бір сәтте жарып қалам.
Есіміңді енді мен жырыма орап,
Болашаққа қастерлеп алып барам!
Тay үстінде шуақты тұман басым,
Тұманның түбін енді кім аңдасын?
"Жаннаттан Алла орын нәсіп етсін" —
Сен менің күнделікті дұғамдасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу