Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  940


Автор: Күләш Ахметова

Түнде

Төмен қарай түн төсімен құлапты,
Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.
Беймезгілде жауған жаңбыр астында
Қарағайдың бұтақтары жылап тұр.
Көрінбейді арғымақтың шашасы,
Аяғыңды сәл абайлап басасың.
Ауа – дымқыл, аспан бұлтпен тұтасқан,
Қорқынышты ағаштардың тасасы.
Жылылық пен жарық қазір өнімсіз,
Көре алмайсыз күндізгінің көбін сіз.
Үсті су-су жапырақтар жабырқау,
Күзде жауған түнгі жаңбыр көңілсіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу