Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  358


Автор: Тұрсынай Оразбаева

ҚҰРБЫҒА

Мейлің, сан ұлт тілін біл,
қой демес ем,
Бас ій Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.
Бірақ, жақсы көрем деп айта алмаймын,
Егер Ана тіліңде сөйлемесең.
Ғалам жұмбақтарының ұғып бәрін,
Таңдандырсын ғылымға құныққаның.
Туған жердің тыныстап тұнық таңын,
Кешірілмес
Тіліңді ұмытқаның.

Сөзге шешен болсаң да, ойға көсем,
Көрінсең де көз алмас бейнеде сен,
Қызықпаймын,
Сүймеймін,
Сүйінбеймін,
Егер Ана тіліңде сөйлемесең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу