Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  173


Автор: Тұрсынай Оразбаева

ТЕК БАЯНДЫ МАХАББАТ

Иван ФЕДОСЕЕВ
ТЕК БАЯНДЫ МАХАББАТ



Солтүстіктің көкшілтім реңі мен,
Шулы өзендер айқайы, сүреңі де.
Аума-төкпе табиғат бұл өлкеде.
Алуан күймен енеді жүрегіңе.

Ала жаздай (кеште де) күн батпайды,
Бұлт бұрымы алыста бұлғақтайды.
Күн көрінбей, қыс бойы түн түнеріп,
Сәл жабықсаң, жаныңды мұң қатпайды.

Төзіміңнен кетпесін бұл күні ерік,
Табиғат та елжірер күлкіңе еріп.
Сұрғыл шақта, сүйіктім, жабырқама,
Сен деп соққан жүректің кілті берік.

Бәрі өтеді. Уақыт алға асады,
Қарлы қыс, жаңбырлы жаз алмасады.
Тек баянды, адами сезім ғана,
Мәңгілік махаббатқа жалғасады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу