Өлеңдер ✍️

  07.07.2021
  113


Автор: Тұрсынай Оразбаева

МОСКВА МЕН АСТАНА

(әні автордікі)



Армандардан жаралып,
Ғасырларға қостық үн.
Әлемге тұр таралып,
Екеуіңнің достығың.

Қайырмасы:
              Бірлік үшін қуатты,
              Достық гүлін жинадың,
              Апа-сіңлі сияқты
              Бір біріңді сыйладың,
              Москва мен Астана.

Мерейіңді асырған,
Шарықтайды жастық ән.
Егіз гүлдей ашылған,
Астана мен Москвам.

Қайырмасы:

Бақыт орнап, кетер мұң,
Алға бірге өрлеңдер.
Татулығын екі елдің,
Ақ бесік боп тербеңдер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу