Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  849


Автор: Эльмира Омарбекова

ЖЕҢІС КҮНІ – ТОҒЫЗЫНШЫ МАМЫРДА...

Жеңіс күні – тоғызыншы мамырда,
Майдандастар қосылатын жылына.
Алыс елден сый-құрметті, қуанып,
Мұңайатын, жылайтын да соңында.

Белгілі ғой, жолдасы жоқ жанында,
Белгісіз боп жақын туыс қалды ма?
Мүмкін әлі есін жимай жат жерде
Соғыс үні қауіп мәңгі басында.

Кім біледі, қандай жерде кім жатыр,
Басына тас қоймасаң да, ол – батыр.
Шайқасты ол жанын беріп, қан төгіп,
Бір табан жер сақтап қалған ол ақыр.

Еске алып, майдангерлер азалы,
Соғыс көрген, оқ тимесін жаралы.
Жүрегі оның соққан сайын сыздайды,
Қасіретті еске алып қаралы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу