Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  150


Автор: Эльмира Омарбекова

ЕЛБАСЫҒА ТАРТУ ЕТТІМ

Еліме, Елбасыға тарту еттім,
Еңбегін Тәуелсіздік жырғып өттім.
Жазуға ұмтылғанда ақын жаны,
Қаламға күші келер құдіреттің.

Мерейін үстем қылып ар-намыстың,
Отаным Отанында мың алғыстың.
Достықты бейбіт күнге жеткізеді,
Дәстүрін жалғап, үзбей жүз халықтың.

Гүлденген жаңа қала сәлем берсе,
Қария сескен емес, жүзге келсе.
Арманды жастар көрсе болашақтан,
Жаманды, қасіретті адам жеңсе.

Еліме, Елбасыға тарту еттім,
Еңбегін Тәуелсіздік жырғып өттім.
Жазуға ұмтылғанда ақын жаны,
Қаламға күші келер құдіреттің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу