Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  117


Автор: Эльмира Омарбекова

ЖЕҢІС ПАРАДЫ

Алға, алға, алға ұлан, аяқ бас,
Көрінсін Отан өзіңменен әлі жас!
Бұл соғысты жеңген атаң әлі бар,
Сендей ол да жүрген сапта салып марш.

Алға, алға! Парадың ба бұл алғаш,
Әскер бағын тыныштықта бақылаш.
Сар түзеген солдаттар мен офицер
Сымбатты екен, қарулар да атылмас.

Алға, алға! Елді қорғап, қадым бас,
Атылмасын енді оқ та, тіпті тас.
Бейбіт өмір ұран болсын, бірінші
Бақытты боп, өмір сүрсін адамзат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу