Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  138


Автор: Иса Байзақов

Қызыл әскер маршы

Біз арыстан - еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран - лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.
Кеңес туын мәңгілікке қорғаймыз,
Жанып тұрған нажағайдан таймаймыз.
Тасты құмдай ұсатамыз қайратпен,
Аштық, тоқтың, барлығына шыдаймыз.
Сұм байлардың қызғалдағы солғанша,
Бүкіл жерде социализм болғанша,
Неше мың жан құлдықтағы елдердің
Еңбегі өніп, жарық сәуле жанғанша.
Өнер, білім, қайрат, жігер бізде мол,
Жер де, көк те, су да, шөл де бәрі жол.
Қай патшаның қозғалса да байлары,
Өз қасында еңбекші тап, біздің қол.
Аттанамыз шықса байлар майданға,
Біз қорғанбыз, еңбек үшін туғанға,
Біздің мақсат әділ тұрмыс орнату,
Ленинизм жолыменен жиһанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу