Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  442


Автор: Сабырбек Нұрманұлы

МАХАББАТ ЕССІЗ

Жұлдызды кешсіз,
Махаббат ессіз.
Қыз көрсең қарап,
Қаларың сөзсіз.
Жүрегім жалғыз,
Тамыры сайсыз.
Сондықтан болар,
Дүрсілі жайсыз.
Аңқылдақ арсыз,
Алдайды әр қыз,
Жолығар деп ем
Ақылы бар қыз,
Секілді жұлдыз,
Әр тамыр – бір қыз,
Күлімдеп, бүгін,
Сіз жанып тұрсыз,
Кел, жаным, асық,
Ұялмай жасып,
Ләззатқа бату,
Ол да бір нәсіп,
Естідім бүгін,
Жүректің үнін,
Сүйіп өтетін,
Тек Қыздаргүлін!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу