Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  153


Автор: Сабырбек Нұрманұлы

ТАҒЗЫ ЕТПЕЙ ӨТПЕҢДЕР

Нәр алып ұшып кеткендер,
Мұратына жеткердер.
Киелі алтын ұяңа
Тағзым етпей өтпеңдер

Кеудеде тұрса жан нәсіп,
Дәстүрім, ізім жалғасып.
Киелі алтын ұяда,
Ұрпақтар жатар алмасып.

Артында – асу, алды – үміт,
Қартаяр адам жаңғырып,
Мектебің тұрар сол күйі,
«Әліппе» болып мәңгілік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу