Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  174


Автор: Сабырбек Нұрманұлы

АНА ТІЛІМАНА ТІЛІМ

О басында болмыс кескен кіндігін
Ана тілім жарқыраған күн бүгін.
Салт – дәстүрі түрлендіріп киелі,
Тіршіліктің түрді Тілім түндігін.

Ділімізде найзағай бар, жасын бар.
Бұған куә жылдар менен ғасырлар.
Дін мен ділім қарасындай көзімнің
Қайта оралды арамызға асылдар.

Айрылғанда ділім менен дінімнен
Қоштасқандай болып едім тіліммен...
Ана тілім – ақ сүті еді анамның
Тік қараймын дүниеге бүгін мен.

Уа, ағайын, бүгін болсын керегең,
Мен де арнайын Тілім үшін өр өлең.
Ата – баба әруағына сыйынып,
Өсе берсін төл жұратың, немерең.

Ғасырларға алып барар Тіл ғана,
Осы тілмен шырайланар нұрлы ана.
Дінім – тілім аман болса, дін түзу
Берекеге малынады бұл дала!
О басында болмыс кескен кіндігін,
Тілдің тойы мәртебелі күн бүгін.
Ана тілім – айбыным ғой, мәңгілік-
Жасай берсін қазақылау бұлбұл үн!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу