Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  165


Автор: Сабырбек Нұрманұлы

ОҚЖЕТПЕС

Өзгеде жоқ мінезі ұнағанда,
Құшағына еркелеп құлағанда,
Құпиясын білгім кеп мына әлемнің,
Былай деген анамнан сұрағанда:

Қайнар бұлақ кең шарын жарып өтіп,
Қас қарай енгітіп арып жетіп,
Жаяулатып жеткенде Оқжетпеске
Тас қарығы түн болған жарық кетіп.

Оқжетпесте сені «аһ» деп туып алғам,
Ақ нұр сеуіп аспаннан жуып Аллам.
Жай шатынап, кіндікті Жасын кесіп,
Жаулығыма жел орап буып салған.
Жаулығыма жел орап буып салған.

Тыңда балам, айтайын шындық десең,
Жел. Нұр куә. Ал жасын кіндік шешен.
Жер жаңғыртқан даусыңнан бұлттар шошып
Оқжетпесте оятып дүрліккен сең

Айналғанда боз таңға Ақ нұр ептеп,
Ақ шапанды шал келіп «Сабырбектеп».
Маңдайыңнан өпті де ғайып болды,
Жансыздардың жағасын жарып өт деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу