Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  136


Автор: Сабырбек Нұрманұлы

БИСМИЛЛӘХИР РАХМАНИР – РАХИМ

Ұлт –руға бөлінбей,
Іздеген елің ерінбей,
Баяғы өз төліндей.
Келіп жатыр ұл – қызың,
Көптен кеткен көрінбей.

Тұр бабалар киелім,
Асыл, текті сүйегім,
Құдайы атап, ас берген
Құдайға басты и елім.

Жан – жақтан келіп бірігіп,
Өлгендерім тіріліп,
Жиылып жатыр рухтар,
Жүгіріп бірі сүрініп.

Шымырлатып денемді,
Бойым бір күшке кенелді.
Иманды елмен мәртебең
Кел, балалар,теңелді.

Жатқан сыр мен мұң тұнып,
Мың шұқырым балқынып.
Қара жер жатыр тебіреніп,
Айырылып қарс – қарс жыртылып.

Алды үміт, арты бақ,
Сары арық, ағып сарқырап.
Түнерген ауыл маңдайы,
Ашылды бүгін жарқырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу