Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  262


Автор: Әбіш Кекілбаев

Ауа

Сәби жұтса - жайраңдайды, күледі,
Ару жұтса - албырайды гүл өңі.
Кәрі жұтса - қарт денесі жайылып,
Жай табады ентіктірген жүрегі.
Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
Алаламай бәріне де тарайды.
Әуен қосты ол сандуғаштың әніне,
Жұпар қосты ол қызғалдақтың әріне,
Шіркін, бақыт о да жұпар ауадай
Дүниенің түгел жетсе бәріне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу