Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  162


Автор: Малқаров Омарбай

Сағыныш

Көнерсе кеше майталмас,
Құрбыға қалжың бар зілсіз.
Сағыныш іште байқалмас,
Күлкі жоқ арзан әзілсіз.

Түсірме, көтер еңсеңді,
Көрерсің жетсең тоқсанды
Жігіт деп ұғып сексенді,
Қаларсың соғып сен санды.

Көпшіл боп өссең жасыңда,
Бала да кейде сырласың.
Даланың сүйген тасын да
Жырласын ақын, жырласын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу