Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  118


Автор: Шал Құлекеұлы

Шаруа туралы

Қазаққа пайда мынау малын бақсын,
Отқа жайып, суарып бағып - қақсын.
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайып қайдан тапсын?
Байлар малын бақса екен өзі жүріп,
Кедей де өлмес еді күнін көріп.
Өз малын өзі бақпай бос қаңғырып,
Бір кедейді жалдайды пайда көріп.
Жаман бай кімді оңдырар өзі оңбаған,
Жанын қорыттап суыққа бір тоңбаған.
Ішпей, жемей, киместен кетеді өліп,
Кей жаман мал бітсе де, бақ
қонбаған.
Күт деген бұрынғылар малдың астын,
Малдың астын астын күтпесең, мандымассын.
Алдыңнан мал, үстіңнен үйің кетсе,
Жата алмассың кеуек қып қардың астын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу